Шри-Ланкадағы жарылыстардан 207 адам қаза тауып, 450 кісі жарақат алған

125

Шри-Ланкенің бірнеше қаласында 8 жарылыс болып, 207 адам қаза тауып, 450 кісі жарақат алған, деп хабарлайды BCC орыс қызметі.

Жексенбі күні таңертең, әлемдегі католиктер пасха мерекесін тойлап жатқанда, Шри-Ланкедегі бірнеше қонақ үй мен католик шіркеулерінде жарылыс болды. Алғашқы 6 жарылыс бір мезгілде болған. Кейін тағы да екі жарылыс жасалған.

Жергілікті билік қаза тапқандардың арасында кем дегенде 27 шетел азаматы бар дейді. Олардың ішінде Англия, АҚШ, Түркия, Португалия, Үндістан және Нидерланд елдерінің азаматтары бар.

Шри-Ланкедегі аса ауыр қайлығы жағдайға байланысты әлем елдерінің басшылары көңіл айтып жатыр. Қазақстан президенті Қ.Тоқаев та твиттерде көңіл айту жазды.