15 күнге қамалған Әсия Төлесова Ілияс Жансүгіровтің шөбересі.
15 күнге қамалған Әсия Төлесова Ілияс Жансүгіровтің шөбересі

Сот шешімімен әділ сайлау туралы плакат үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова ақын Ілияс Жансүгіровтің немересі. Бұл туралы Әсияның өзі the-steppe.com сайтына 2018 жылы берген сұхбатында айтқан. Сол сұхбатта Әсия өзінің шығу тегі туралы: “Біз Ілияс Жансүгіровтің тікелей ұрпағымыз. Ол Фатима Ғабитоваға үйленді. Олардың үш баласы болған: Үміт, Ильфа, Болат. Біз Ильфа Санжар Жандосовқа тұрмысқа шыққан. Менің анам Санжар мен Ильфаның баласы” деген екен.

Кеше, Алматыда өткен марафон кезінде “Шындықтан қашып құтылмайсың!”; “Әділ сайлау үшін”; “Менің таңдауым бар” деген жазу бар баннер жайып, ұстағандары үшін Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековты сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 488 бабының 3 тармағына сәйкес кінәлі деп тауып, 15 күнге қамауға шешім шығарған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.