Латвия: Ресей Украина халқына қасақана геноцид жасап жатыр.

11 тамыз, 2022 / Arasha.kz

Латвия парламенті Ресейді терроризмді қолдаушы мемлекет деп мәлімдеді.

Латвия депутаттары Ресей терроризмді қолдаушы ел және ол мақсатты түрде украин халқына қарсы геноцид жүргізіп жатыр деген мәлімдемені қабылдады.

Мәлімдемеде мазмұнында сондай-ақ ЕО елдерін Ресей мен Беларус азаматтарына виза беруді шектеуге шақырған үндеу де бар.

Литва парламенті 10 мамырда ресейлік әскерилердің Украинадағы әрекетін геноцид деп таныған еді.