ҚТЖ басшылығы бизнеске кедергі келтірді деген күдікке ілінді.

19 ақпан, 2023 / Arasha.kz

Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Көлік Бас прокуратурасы «ҚТЖ» АҚ басшылығының заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Алдын ала шығын 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға келтірілген.

«Тергеу процессуалдық прокурорлар тобының жетекшілігімен жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды», — деді бас көлік прокуратурасы.