Назарбаев отставкаға кетуге үш жылдан астам уақыт дайындалған

164

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясының кезектен тыс съезінде отставкаға кету туралы шешімді бірнеше жыл ойланып, қабылдағанын айтты.

“Мен бұған бірнеше жыл дайындалдым. Егер құпиямды ашсам, үш жылдан астам уақыт. Айналама қарап, елдің өткені мен болашағы туралы ойладым. Кадрлық серіктеріме қарап, осы жылдар бойы оларды тәрбиеледім. Әрбіріне үміт арттым. Ақыр соңында осы дұрыс деген қорытындыға келдім”, – деді Н. Назарбаев.