Азат Перуашев Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толыбековке араша сұрап, бас прокуратураға орыс тілінде хат жазды

876
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

“Ақ жол” партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Азат Перуашев Алматыда өткен марафон кезінде “Шындықтан қашып құтылмайсың”, “әділ сайлау үшін”, “менің таңдауым бар” делінген жазуы бар баннер ілгені үшін сот шешімімен 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толыбековтің жазаларын жеңілдетуті сұрап – араша түсіп бас прокуратураға хат жазды.

Хат орыс жазылған. Партияның ресми сайтында “Азат Перуашев Бас прокуратурадан «Шындықтан қашып құтыла алмайсың..(«От правды не убежишь») баннері үшін Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толыбековке қатысты сот белгілеген жазаның негізділігі мен дәлелділігін қарастыруды сұрайды” деп жазып, орыс тілінде жазылған хаттың көшірмесін жариялаған.