Досым Сәтпаев: Жастар елден кеткілері келеді

475

Қазір көптеген жастар бізде ештеңені өзгерту мүмкін емес деп, елден кеткілері келеді деп есептейді белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Сейсенбі күні өткен “Adil sailay ushin” қоғамдық пікірталас алаңында сөйлеген саясаттанушы:

“Қайда бармасаңыз да белгілі бір проблемаларға кезігесіз. Меніңше жастарға Қазақстанда қалу керек және пробемаларды бірге шешуіміз керек” -деп пікір айтты.

Сонымен қатар Досым Сәтпаев соңғы кезде жастардың саяси белсенділігі артқанын жеткізді.

“Кезінде біз қазақстандық жастарға қатысты ресми деңгейде зерттеулер жүргіздік. Онда біз жастардың белсенділіктері төмен, саясаттан бейхабар, оларды instagram мен шоу-бизнес жұлдыздарынан басқа ештеңе қызықтырмайды дедік. Біздің айтып жүргендеріміздің барлығы ауаға ұшып жатқандай сезімде болатынбыз. Бірақ қазір Қазақстанда өзгерістер мен реформаларды қалайтын тәуелсіздіктің жаңа буыны пайда болғанын көріп отырмыз”, -деді саясаттанушы.

Айта кетейік, жиын 21 сәуірде Алматыдағы марафон кезінде
“Шындықтан қашпайсың” “#adilsailauyshin”, “#уменяестьвыбор” деген жазуы бар плакат алып шыққан жастардың 15 тәулікке қамалуына байланысты өткен еді.