Латвия орыс мектептерін түгелдей латыш тіліне көшіреді

287

Латвияның конституциялық соты ұлттық азшылық мектептерін соның ішінде орыс мектептерінде толықтай латыш тіліне көшіру шешімін заңды деп таныды, деп жергілікті delfi.lv сайты жазады.

Былтыры сәуір айында Латвия президенті Раймонд Вейонис 2021 жылдан кейін елдегі барлық мектепті, оның ішінде орыс мектептерінде латыш тіліне көшіру туралы заңға қол қойған.

Заңға қол қойылғаннан кейін орыс мектептерін мемлекеттік тіл – латыш тіліне көшіруге қарсы акциялар өткен еді.

Латвия Қазақстан секілді совет одағының құрамында болған ел. Алайда, Қазақстанда әлі де орыс тілінің үстемдігі сақталып отыр. Елде орыс тілі – ресми тіл мәртебесіне ие және ол конституцияда көрініс тапқан.