“Ақ жол” партиясы Дания Еспаеваны кезектен тыс президент сайлауына үміткер етіп ұсынды (видео)

123

Бүгін Астанада “Ақ жол” партиясының XV сиезі өтіп, кезектен тыс президент сайлауына үміткер ұсынды.

Дания Еспаева мәжіліс депутаты, банкир, Ақтөбе облысының тумасы.

“Біздің елде бай мен кедей болмауы керек. Қазақстандықтар жақсы өмірге лайық. Бізге бұл өмірді өзгерту керек. Елімізде кедей адам болмауы тиіс. Ол Құдай бізге бәрін берген”, дейді кандидат өзінің видео үндеуінде.