Мұхтар Тінікеев бас тартып, Амангелді Таспихов президент сайлауына үміткер болып ұсынылды

100
фото: fprk.kz
фото: fprk.kz

Бүгін Кәсіподақтар федерациясы бас кеңесінің отырысы өтіп, федерация атынан Амангелді Таспихов кезектен тыс президент сайлауына үміткер болып ұсынылды.

Федерацияның ресми сайтында, талқылау кезінде Мұхтар Тінікеев сайлауға үміткер болудан бас тартқаны айтылған. Ал Амангелді Таспиховтың өмірбаяны төмендегідей.

1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы Алматы ауыр машина жасау зауытында инженер-технолог болып бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, бизнес құрылымдарында жұмыс істеген.

Батыс Қазақстан облысы маслихатының депутаты, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

2019 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы қызметін атқарады.

«Құрмет» (2005) орденімен, медальдармен марапатталған.

Үйленген, екі баласы бар.