25-04-19 | 18:49
Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлері тергеліп жатыр.
Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлері  тергеліп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Ұлттық экономика министрлігіндегі бірқатар лауазым иелеріне қатысты тергеу жүргізуде.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаменті директоры Арман Бердалин айтты.

– Ұлттық экономика министрлігіндегі бірқатар жекелеген қызметтік тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Бердалин.

Одан өзге ақпарат әзірге жариялауға жатпайды.

Ол тұлғалардың ішінде Ұлттық экономика министрлігіндегі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақұпов бар ма, әзірге белгісіз.

– Мақалада айтылғандай, мені ешқашан ешкім парамен ұстаған емес, өйткені мен пара алған емеспін, алмаймын да! Пара алдым деп те ешқашан ешкімнің алдында мойындаған емеспін! – деп жазды Facebook-те Жақұпов.

Zakon.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.