Бұрынғы уақыт белдеуін қайтару петициясы қажетті 50 мың дауыс жинады.

9 маусым, 2024 / Arasha.kz

Қазақстанның көптеген тұрғындары бір уақыт белдеуіне наразылығын білдіруде.

«Біз, қазақстандықтар, сізден келесі шараларды қарастыруға шақырамыз: уақытты өзгертуден бас тартыңыз, бұл адамның биоритмі мен жасанды түрде белгіленген уақыт кестесі арасындағы сәйкессіздікті жояды, халықтың әл-ауқатын жақсартады және қатерлі ісік ауруының даму қаупін азайтады», — деп жазылған петицияда.

Бастама енді мемлекеттік органның қарауына жіберілуі тиіс.