Ермұрат Бапи ЖСДП төрағасы болып сайланды

161

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының съезінде “Дат” газетінің жетекшісі, журналист Ермұрат Бапи партияның төрағасы болып сайланды.

Ал ЖСДП бұрынғы басшысы Жармахан Тұяқбай өз еркімен төрағалықтан кетті. Алайда съезге қатысушылар Ж. Тұяқбайдың бұл шешімін бірден мақұлдай қойған жоқ. Үш рет дауысқа салғаннан кейін ғана оның партия басшылығынан кетуі мақұлданды.

Жармахан Тұяқбай төрағалыққа Ермұрат Бапиды ұсынып, делегаттар Е. Бапидың кандидатурасын бір ауыздан қолдап, дауыс берді.

Ермұрат Бапиды Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауға ұсынған, алайда партияның жаңа төрағасы сайлауға байкот жариялаған.