Кәрім Мәсімов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысымен кездесуде сайлау жайлы сөйлескен

161

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан президентінің арнайы уәкілі Кәрім Мәсімов АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен кездесті. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті хабарлады.

Таратылған хабарламада Помпео мен Мәсімов Қазақстандағы билік транзитін және 9-маусымда өтетін президент сайлауы жайлы да сөйлескен. Помпео Қазақстанға Ауғанстандағы бейбітшілікке жасап жатқан қолдауын оң бағалаған. Сондай-ақ ол батыс Қытайдағы адам құқықтарының дағдарысын сөз етіп, одан Шыңжаңдағы қазақтарда зардап шегіп жатқанын айтып, зардап шеккендерді АҚШ қолдайтынын жеткізген.

АҚШ мемлекеттік департаменті Кәрім Мәсімовті Қазақстан президентінің арнайы уәкілі деп сипаттай жазған.