«Референдум – мемлекетімізді жетілдірудің басты қадамы».

13 мамыр, 2022 / Arasha.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Конститутцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутатарымен кездесті.

— Мемлекет басшысы суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы айтты. Сонымен бірге Жолдауды жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілген. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды және азаматтар ол туралы білуі керек. Бұл азаматтардың иглігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы тиіс,- деді Ерлан Саиров.

Жиын барысында облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары да өз сауалдарын қойып, өтініштерін айтты.