29-04-19 | 14:49
Мырзатай Жолдасбеков: Әміржан Қосанов қазақ тілін еркін меңгерген.
Мырзатай Жолдасбеков: Әміржан Қосанов  қазақ тілін еркін меңгерген

Кезектен тыс президент сайлауына “Ұл тағдыры” қозғалысы ұсынған үміткер Әміржан Қосанов қазақ тілі сынағынан өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Тіл комиссиясының жетекшісі Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, Қосанов тіл сынағынан сүрінбей өткен және қазақ тілін еркін меңгерген.

  • Бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы келді. Өздеріңіз білесіздер, емтихан үш кезеңнен өтеді. Жазба жұмысының тақырыбы  “ТМД тарихы мен бүгіні” болды. Содан кейін мәтін оқуға ақын Қадыр Мырза Әлінің шығармаларын таңдап алды. Үшінші кезенде “Өнер білім бар жұрттар” деген тақырыпта сөз сөйледі. Жазба жұмысын биік деңгейде жазып, тақырыпты терең қамтыды. Қадыр Мырза Әлі замандасымыздың өлеңін еркін, әдемі оқыды. Үшінші “Өнер-білім бар жұрттар” деген тақырыпта да өте әдемі әңгіме өрбітті. Біз қанағаттандық. Сонымен лингвистикалық комиссиясының қорытындысы – Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Басқа пікір жоқ”, – деді М.Жолдасбеков.

Қосанов тіл сынағында “ТМД тарихы және бүгіні” тақырыбында шығарма жазған, Қадыр Мырзәлиевтің өлеңдерін оқыған және “Өнер білім бар жұрттар” тақырыбында ой-толғау айтқан.

Қосановты “Ұлт тағдыры” қозғалысы сайлауға үміткер ретінде ұсынған. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде аяқталды. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.