Билік транзиті бұл өте күрделі процесс – сарапшы

67

2021 жылы Парламенттік және жергілікті мәслихат сайлауы қатар өтеді. Сондықтан көптеген партияларға президент сайлауына қатысу өзекті, олар қазірден бастап электорат алдында өз мүдделерін, бағдарламаларын ұсынатын болады.

Бұл туралы саясаттанушы, «Альтернатива» зерттеу орталығының директоры Андрей Чебаторев Алматыда өткен сараптамалық талқылау барысында айтты.

Сарапшының айтуынша, еліміздегі президент сайлауы кездейсоқ жағдайда өтіп жатыр. Өйткені бұл, тек президент сайлауы емес, келесі презизедентті таңдау болып отыр.

«Бұл бір жағынан жоғары биліктің транзиті ретінде өтіп жатыр. Билік транзиті деген – бұл бір президенттің келсі адамға билікті жай тапсыра салуы емес, бұл өте күрделі процесс. Билік ішінде қарым-қатынасты немесе жаңа институттарды қалыптастыруды қажет етеді. Сондықтан осы жылдың 19 наурызында болған жағдай транзиттің тек басы ғана. Маусым айында өтетін сайлау келесі процесс. Үшінші процес ол кейін барлығы қалай өрбиді деген мәселе», – дейді ол.

Сөз арасында ол, бұл Қазақстан Республикасы президентінің 6-шы сайлауы екінін әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуынсыз өтетінін айтып өтті.

«Осы тұрғыдан келсек отандық және шетелдік сарапшыларды алдағы сайлаудың өту барысы қызықтырып отыр. Тіптен, соңғы уақытқа дейін билік партиясы атынан кімнің кандидаттығы ұсынылады деген интрига басым болды. Бұған дейін Дариға Назарбаеваның, Иманғали Тасмағамбетовтің кандитаттығы ұсынылады деген де сөздер болған. Дегенмен, қазіргі күні негізгі кандидаттардың белгілі болғанын көріп отырмыз. Сегіз кандидаттың ішінде түрлі партия өкілдерін және опозициядан Әміржан Қосановты көріп отырмыз. ОСДП алғашында Ермұрат Бапидың кандидаттығын ұсынбақ болған, кейін олар сайлауға қатысудан бас тартты»,-дейді А. Чебаторев.

Оның айтуынша, 2021 жылы Парламенттік және жергілікті мәслихат сайлауы қатар өтеді. Сондықтан көптеген партияларға президент сайлауына қатысу өзекті, олар қазірден бастап электорат алдында өз мүдделерін, бағдарламаларын ұсынатын болады.

«Кандидаттар арасында үлкен тартыс болады деп ойламаймын. Тек, Тоқаев пен Қосанов арасындағы тартыс қызықтырақ болуы мүмкін. Өйткені Әміржан Қосанов қазір «Жаңа Қазақстан» ұлттық патриоттық форумының белсенді мүшесі. Осы тұрғыдан қарасақ жас патриоттар оны қолдайды. Сондықтан сайлауалды кампания қызықты болады. Ештеңе өзгермейді деген бос сөз. Басшылық ауысқан кезде қандайда бір өзгерістер бәрібір орын алады. Мүмін бірден болмауы мүмкін, дегенмен уақыт өте келе өзгерістер болады»,-дейді сарапшы.

Сонымен қатар ол, сайлау өткізуге қазір қолайлы кезең екенін айтты.

BAQ.KZ