Сот шешімімен келіспеген адам өзін өртеді.

4 қыркүйек, 2022 / Arasha.kz

Нұр-Сұлтанда полицейлер өзін-өзі өртемек болған адамды тоқтатты.

Елорданың ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері Мәңгілік Ел даңғылы бойында өзін-өзі өртеуге тырысып жатқан ер адамды анықтады.

37 жастағы азаматтың Семей қаласында шығарылған сот шешімімен келіспейтіндігі белгілі болды. Өзін-өзі өртеудің алдын алынды. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.