01-05-19 | 13:19
Қазақстанда орташа айлық жалақы – 168 489 теңге.
Қазақстанда орташа айлық жалақы – 168 489 теңге

Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда 2019 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңге.

Комитеттің деректеріне қарағанда, ең үлкен жалақы Атырау облысында – 322,7 мың теңге. Ал жоғарғы жалақы алатын салалардың қатарында кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 401,1 мың теңге  қаржы және сақтандыру қызметінде – 323,0 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге, көлік және қоймалау саласында – 218,2 мың теңге көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.