“Тәуелсіздігіміз үшін қазақ ешқашан қасық қанын аямай, оны көздің қарашығындай сақтайды”

127
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы “Қазақ елі” алаңында өтіп жатқан мерекелік шараға келіп, халықты 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өз сөзінде Н.Назарбаев халықтың бірлігі қашан да маңызды екенін атап айтқан.

“Тәуелсіздігіміз мәңгілік жасауы үшін қазақ ешқашан қасық қанын аямай, оны көздің қарашығындай сақтайды. Сол қағидаға адал болайық. Ата-бабамыздың арманын орындайтын болайық. Осы жылдар ішіндегі жетістіктеріміздің барлығы – елдің бірлігі, халықтың ішіндегі тыныштықтың арқасы. Біздің осындай көпэтносты болғанымызға ешкімнің жазығы жоқ. Біздің де жазығымыз жоқ. Тарих пен өмір солай болды. Сондықтан, біз басқа халықтарға қамқор болып, қазақ барлығының ұйытқысы ретінде жайбарақат жүріп жатырмыз», – деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласындағы “Қазақ елі” алаңында 1-мамыр мерекесіне орай түрлі ұлт өкілдері ән айтып, би билеуде.