Шетел баспасөзі: Семей полигнының зардабын халық әлі тартып келеді.
Шетел баспасөзі: Семей полигнының зардабын халық әлі тартып келеді

Nature журналы Семей полигоны туралы мақала жариялап, ядролық сынақтар отыз жыл бұрын тоқтатылғанымен, халық оның зардабын әлі тартып жатқанын жазды.

«Қазақстанның солтүстік-шығысындағы Семей атты өндірістік қалада кеңес дәуіріндегі көліктер әлі жүр. Бұл сол дәуірдің көзге көрінетін көлеңкесі. Ал одан басқа көзге көрінбейтін іздер де бар. Кеңес Одағы Семейден 150 шақырым жерде өзінің ядролық арсеналын құрған еді. 1949-1963 жылдар аралығында 18 500 шаршы км жерде ядолық полигон жасалып, онда 110-нан астам ядролық сынақ өткізілді. Қазақстанның денсаулық сақтау органдарының хабарлауынша, радиоактивті жауын 1,5 миллион адамға әсер еткен. Жерасты сынақтар 1989 жылға дейін жүргізілген», – деп жазады басылым.

Автордың сөзінше, осы күнге дейін радиацияның денсаулыққа кері әсері туралы көптеген зерттеулер жүргізілген. Дегенмен, оның салдары ұрпақтан-ұрпаққа берілетінін дәлелдеу қиынға соққан.

«Полигон маңында өмір сүретін адамдарға қанша жыл өтсе де радиацияның аздаған мөлшерінің өзі кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан қазақстандық ғалымдар сол жердегі халықтың денсаулығы туралы ақпарат жинап келеді. Зерттеушілердің айтуынша, полигонның жабылғанына отыз жыл өтсе де, халық полигон зардабын әлі де көріп отыр. Ғалымдардың пайымынша, бұл жердегі халықтың рак ауруының көрсеткіші полигон салдары саналады. Сондай-ақ мамандар радиация жүрек-қан тамыр ауруына ұшырататынын, ол ауру өз кезегінде ұрпақтан-ұрпаққа берілетінін анықтады», – делінген мақалада.

Семейдегі радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институтының директоы Талғат Молдағалиев полигон сынақтары үлкен трагедия болғанын айтты. Ал 2002 жылы ғалымдар тікелей ядролық сынақты көрген адамдардың ұрпақтарында басқаларға қарағанда мутация екі есе жиі кездесетінін анықтады.

«Бүгінгі таңда полигон сынақтарының салдары туралы көптеп зерттеулер жүгізу маңызды. Мысалы, былтыр қараша айында Семей мемлекеттік медицина университетінің маманы Людмила Пивина әріптестерімен бірігіп радиацияның аз мөлшері бар жерде ұзақ уақыт өткізу жүрек қан-тамыр сырқаттарына, соның ішінде жоғары қан қысымы ауруына ұшырататынын анықтады. Олар полигон маңындағы екінші, үшінші ұрпаққа жататын 1800 адамның денсаулығын бақылаған», – деп жазады Nature журналы.

Дереккөз:inform.kz/

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.