Қызылорда облысында браконьерлерді аңдуға шыққан қорықшы қаза тапты.

28 қазан, 2019 / Arasha.kz

Қызылорда облысында браконьерлерді аңдуға шыққан «Охотзоопром» қорықшысы қаза тапты, деп хабарлайды Экология, Геология және Табиғи ресурстар министрлігінің баспасөзбен байланыс қызметі.

«Бүгін, 2019 жылғы 25 қазанда түнгі сағат 02:00 шамасында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының аумағында рейдтік шара жүргізу кезінде браконьерлерді қуу нәтижесінде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның инспекторы қайтыс болды. Көліктің аударылу себебінен жазатайым оқиға орын алды. Оқиға орнына Қызылорда облыстық ПД Жалағаш АПБ-ның жедел-тергеу тобының қызметкерлері шақырылды,» — деп хабарлайды дүйсенбіде «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК  баспасөз қызметі.