Ресейдегі ұшақ апаты: Қазақстанда Sukhoi Super Jet 100 модельді ұшағы біреу ғана

257

Ресейде “Аэрофлот” компаниясының Sukhoi Superjet 100 модельді ұшағы апатқа ұшырап, 41 адам қаза болғаны мәлім. Осы апатқа қатысты Қазақстанның азаматтық авиация комитеті арнайы хабар таратты. Онда Қазақстанда Sukhoi Super Jet 100 модельді ұшағы біреу ғана. Ол Comlux-KZ әуекомпаниясына тиесілі және бизнес тасымалмен шұғылданады, азаматтық авиацияда қолданылмайды. UP-SJ001 нөмірмен тіркелген бұл ұшақ экпиажы толықтай ұшу дайындығынан өткен.