08-05-19 |
2840 рет қаралған
Элизабет Тұрсынбаева әлемдегі ең үздік конькимен сырғанаушыларының қатарына енді.
Элизабет Тұрсынбаева әлемдегі ең үздік конькимен сырғанаушыларының қатарына енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанауды Элизабет Тұрсынбаева Халықаралық конькимен жүгірушілер  одағының (ISU) жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа енді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айта кетелік, ұпай есептеу барысында Олимпиада ойындары мен өткен маусымдағы әлем чемпионаттарының, сондай-ақ, Гран-при кезеңдері мен өзге де халықаралық жарыстардың үздік нәтижелері санаққа алынады. 

Әйелдер арасында ресейлік Алина Загитова 4510 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орынға Сатока Мияхара 3459 ұпаймен орналасқан. 3384 ұпай жинағантағы бір ресейлік Евгения Медведева үздік үштікті қорытындылауда. 

Элизабет Тұрсынбаева алтыншы орында. Ол екі маусым қорытындысы бойынша 3108 ұпай жинаған. Ал жекелеген маусымда Элизабет төртінші орынға тұрақтаған. 

Еске сала кетейік, Тұрсынбаев өз мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. 

Дереккөз: Olympic.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.