15-05-19 |
2550 рет қаралған
Алматы облысында болған ұшақтың әуе апатын тексеру аяқталды.
Алматы облысында болған ұшақтың әуе апатын тексеру аяқталды

2017 жылы 10 тамызда Алматы облысында болған ұшақтың әуе апатын тексеру аяқталды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«Авиациялық оқиғаның негізгі себебі ұшақ төмен биіктікте ұшып шығып күшті желдің ықпалына түсуі салдарынан ұшу барысында ерекше қауіпті жағдай туындаған, сол себепті әуе кемесінің экипажы  ұшақты басқара алмай жерге соғылған.

Оған қоса, соңғы ұшуда авиациялық оқиғаның маңызды қосалқы себебінің бірі биікке ұшу барысында қозғалтқыштың уақытша қуатын жоғалтып алуы (яғни, шырқау биікке ұшу барысында руль өз жұмысын кенеттен тоқтатуы салдарынан қозғалтқыштың тұрақсыз жұмыс істеуі, биіктікке ұшу барысында жоғары тік жылдамдыққа ұшу және 0,5g артық теріс жүктеме жағдайын туындату) болып табылады.

Сонымен қатар өзге де қосалқы себептер бойынша осы авиациялық оқиғаны тергеп тексеру барысында «Training Сenter Part-FCL» ЖШС АОБ жұмысында анықталған кемшіліктер, деректерді бұрмалау мен сәйкессіздіктер де себеп болып табылады

Тексеру комиссиясы арқылы оқу әуе кемелерінің эксплуатанттарына, Азаматтық авиация академиясына, сондай-ақ Азаматтық авиация Комитетіне тиісті нұсқаулықтар берілді, оларды міндетті түрде орындау болашақта ұқсас авиациялық оқиғалардың болу ықтималдығын төмендетеді».

Еске салсақ, азаматтық авиация ұшағы апаты 2017 жылдың 10 тамызында Алматы облысы Азем әуежайынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындау барысында болған. Оқиға кезінде бортта ұшқыш-нұсқаушы С. Курченко мен курсант Е.Әбішев болған. Екі азамат та қайтыс болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.