15-05-19 |
4170 рет қаралған
Билік ашаршылық құрбандарын еске алу үшін бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермеді.
Билік ашаршылық құрбандарын еске алу үшін бейбіт шеру  өткізуге рұқсат бермеді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі 31-мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу үшін бейбіт шеру  өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі «Ақ жол» партиясының 31-мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу үшін «Алашқа тағзым» атты бейбіт шеру өткізу жөніндегі өтінішін қанағаттандырмай, шеруге рұқсат бермеген.

Ал 9-мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған адамдарды еске алуға арналған «Бессмертный полк» маршы өткен еді. Бұл марш жергілікті әкімшіліктер қолдауымен өткен және ІІМ марштың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.