27-05-19 |
8970 рет қаралған
В. Зеленский өзіне қарсы митингіге шыққандарға шара қолданбау керектігін айтты.
В. Зеленский өзіне қарсы митингіге шыққандарға шара қолданбау керектігін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Facebook-тегі парақшасында өзіне қарсы митингіге шыққандарға қатаң жаза қолданбау керектігін айтты.

«Маған қарсы Ровнода наразылық шарасына шыққан қыз бен жігіттің ұсталғаны жайлы хабар естідім. Ешкімді де ұстаған жоқ, бірақ құқық қорғау органдары ондай қатаң шара қолданбауы керек еді. Полицейлер қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ішкі істер министрлігі өкілдерінен құқық бұзбауларын, саяси наразылық жасағандарға қарсы шара қолданбауды сұраймын. Сыннан қорықпаймын», – деп жазады В. Зеленский.

Украина басылымдарының жазғанына қарағанда 25 мамырда Украинаның Ровно қаласында 16 жастағы қыз бен 20 жастағы жігіт ел президенті Владимир Зеленскийдің отставкаға кетуін талап етіп, наразылыққа шыққан. Полиция оларды ұстап, үстілерінен іс қозғаған.

Қазіргі уақытта Ровно облысына қарасты полиция басқармасы аталған іс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын басқарма желідегі парақшасында хабарлайды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.