29-05-19 |
4010 рет қаралған
Әзімбай Ғали: Ашаршылықты жаздың, бұрмаладың деп үстімнен прокуратураға арыз бермек болған….
Әзімбай Ғали: Ашаршылықты жаздың, бұрмаладың деп үстімнен прокуратураға арыз бермек болған…

Ашаршылыққа ұшыраған қазақ даласынан мал мен астықты Ресей мен Украинаға эшелондап жібергенін айтпай жасырып келді. Бұл туралы саясаттанушы Әзімбай Ғали фейсбеутегі өз парақшасына жазды.

Саясаттанушының ашаршылыққа қатысты жазған ойын назарларыңызға  түгелдей ұсынуды жөн көрдік.

Саясаттанушы, Әзімбай Ғали:

Қазақстандағы ашаршылық коммунистік репрессивтік жүйенінің құтырған кезімен сәйкес келді. Мен тарихшы- демограф ретінде ашаршылық зардабынан қайтыс болған қазақ санын есептеп ең минималды санын шығарған едім -ол 1 миллион 610 мың қазақ баласы.

Голощекиннің қызыл қырғынынан кейін Мирзоянның ашық репрессиялары саяси белсенді қазақты және ұлтжанды адамдарды іріктеп отырып атып, Қиыр Шығысқа айдап жатты. Саяси репрессияның 1933 -1939 жылдардағы репрессиялардан тағы 150 мыңдай қазақ сол жылдары мерт болды. Сол кездегі және одан кейінгі коммунистік насихат Мирзоянды «Мырзажан» деп атады. Мирзоянға арнап көше берді.

Берілген деректер тек репрессияға ұшырап, қаза болғандардың саны ғана. Сонымен бірге бұл азайтып есептегендегі шыққан сан. Бұл санға қартайып өлгендер, аурудан өлгендер саны кірмейді. Тек тікелей репрессия акцияларынан өлгендер саны кіреді.

Кеңес Одағының тарихнамасы ашаршылық пен репрессиялардан өлген қазақтың санын бермей, халықтың қырылу себептерін айтпайтын. Мәселен қазақтың қырылу себептері ретінде «шолақ белсенділердің асыра сілтеушілігі, бай манаптардың қарулы көтерілістер ұйымдастыру және кеңес үкіметінің кеңселері мекемелеріне шабуыл жасау, қазақтың бай -манаптарыдың үгіт насихатына көніп шет елдерге көшіп кеткенін» ғаны айтты. Мәселен, ашаршылыққа ұшыраған қазақ даласынан мал мен астықты Ресей мен Украинаға эшелондап жібергенін айтпай жасырды. Сол тұста қазақ «консервативті керітарпа ұлт ретінде революциялық үрдістерге жарамсыз, ал қайраткерлері шетінен көрсоқыр ұлтышыл» деп айыптау насихаты жүргізілді.

Бұл тақырыпқа мен кандидаттық және докторлық диссертацияларда назар аудардым. Қазақстанның және Ресейдің азаматтық және компартиялық архивтеріне мұрағаттарды көшіруге зерттеушулерге тосқауыл қойылған болатын. Тіпті архив құжаттарынан көшірген деректерді оқып шығып, бұны пайдалануға болмайды деп деректерді пайдаланбайтындай қылып шимайлап беретін. Тек соңғы жылдары Қазақстанның саяси басшылығы ашаршылықты қазаққа жасалған геноцид екеніне көзі жеткендей болды. Қазақ геноциді туралы халықаралық деңгейде көтермек болып еді, бірақ әрекеттер тиылған сияқты. Ресей басшылығы бұл тақырыпты айналып өтуді бізден сан рет сұрады. Ашаршылықты жаздың деп, бұрмаладың деп менің үстіме прокуратураға арыз бермек болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.