04-06-19 |
3670 рет қаралған
Бақытжан Сағынтаев: Шешімі табылмайтын мәселе болса, «табылмайды» деп айтамыз.
Бақытжан Сағынтаев: Шешімі табылмайтын мәселе болса, «табылмайды» деп айтамыз

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында баспана мәселесін шешіп беруді талап еткен көпбалалы аналарды президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев қабылдады.

«Мәселені айғаймен емес, сабырмен шешу керек. Ол үшін әр проблеманы талқылаймыз. Ол талап заңды ма, заңсыз ба, соны қараймыз. Шешімі табылатын мәселені «табылады» дейміз, шешімі табылмайтын мәселе болса, «табылмайды» деп айтамыз. Жалған уәде болмайды, – деді Сағынтаев. Шенеуніктің бұл сөзі Азаттықтың мақаласында келтірілген.

Баспана сұраған көпбалалы аналардың мәселесіне президент Тоқаев та назар аударып: «Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Б.Сағынтаев пен Үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең жұмыс тобының аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет» деп өз твиттерінде жазады.

Кеше астаналық көпбалалы әйелдер жиналып Ақордаға барып, президент Тоқаевпен және қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы Н.Назарбаевпен кездесуді талап еткен еді. Алайда оларды ішкі жібермеді. Кейін олар Ақорданың алдындағы алаңға барып, прьемер-министр Асқар Маминнің шығуын талап етті. Мамин шықпады. Аналармен кездесуге вице-прьемер Гүлшара Әбдіхалықова, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов шыққан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.