08-06-19 |
3720 рет қаралған
Шымкентте жарылыс болды (видео).
Шымкентте жарылыс болды (видео)

Шымкент қаласы Тассай ықшам ауданындағы газ құю бекетінде жарылыс болып, бір адам зардап шекті.

Ескерту: видеода балағат сөздер айтылған

Жарылыс болған «Мураз» газ құю бекетінде екі әрқайсысының сыйымдылығы 200 кубаметр газ сақтайтын орын болған. Соның бос тұрған бірі өртенген және бекет аумағындағы сыйымдылығы жеті кубаметр екі автоцистерна мен сыйымдылығы 50 кубаметр тағы да екі автоцистерно өртен.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті  сөндіруге 21 техника, 90 адам жұмылдырылған. Өрттен зардап шеккен 1999 жылы туған Ерлан Анардың денесінің 98 пайызын күйік шалған.

Жарылысқа қатысты іс қозғалған. Шымкент әкімі жағдайды өз бақылауына алғанын да хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.