08-06-19 |
2320 рет қаралған
Бас прокуратура рұқсат етілмеген митингілерге шықпауға шақырды.
Бас прокуратура рұқсат етілмеген митингілерге шықпауға шақырды

Бас прокуратура 9-10 маусым күндері рұқсат етілмеген митинг, акцияға шықпауға шақырды. Бұл турал бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Бас прокурордың орынбасары Б.Дембаевтың арнайы үндеуінде әлеуметтік желілерде рұқат етілмеген митингілерді ұйымдастыру және оларға қатысуға шақырулар таратылып жатқаны айтылады.

 Әлеуметтік желілерде 2019 жылғы 9 мен 10 маусымда рұқсат етілмеген митингілерді ұйымдастыруға және оларға қатысуға шақырулар таратылуда. Осыған сәйкес, прокуратура: «қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың өмірі мен денсаулықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында» деп заң талаптарын түсіндірген.

«Митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Мұндай жария іс-шаралар жергілікті атқарушы органдарды алдын ала хабардар етумен олардан рұқсат алу арқылы арнайы белгіленген орындарда, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін жағдайларды болдырмау шараларын қолдана отырып жүргізілуі тиіс.

Рұқсат етілмеген акцияларға шақырғаны, ұйымдастырғаны, қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауаптылық туындайды.

Егер бұл әрекеттер елеулі залал келтірсе, онда кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауаптылыққа тартылуға жатады.

Бас прокуратура азаматтарды заңды мүлтіксіз сақтауға,  арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға қайтадан шақырады» делінген.

9-маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бас прокуратура бұған дейін мамыр айындағы мереке күндері де рұқсат етілмеген митингілерге шықпауға шақырып, үндеу жасаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.