10-06-19 |
14950 рет қаралған
Ринат Зайытовты босатуды талап еткен топ полиция департаментіне жиналып жатыр.
Ринат Зайытовты босатуды талап еткен топ полиция департаментіне жиналып жатыр

Айтыскер Ринат Зайытовты босатуды талап еткен бір топ адам Алматы қаласы полиция департаментінің алдына жиналды. Бұл турал abai.kz порталының бас редакторы Қанат Әбілқайыр фейсбуктегі парақшасында жазды.

Бүгін Ринат Зайытов бастаған бір топ адам өздерін тәуелсіз бақылаушылармыз деп таныстырып, сайлау нәтижелерімен келіспейтіндерін мәлімдеген еді. Олар қолдарында өте көп дәлел болғанын да айтқан. Сөйтіп, мәлімдемені Рысқұлов пен Момышұлы көшесінің қиылысы маңында айтамыз дескен. Кейін «Алматы арена» стадионы маңында полиция Ринат Зайытов бастаған елу шақты адам ұстаған туралы хабар тарады.

Полиция әзірге ешқандай ақпарат таратқан жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.