15-06-19 |
4130 рет қаралған
Тоқаев – менің президентім емес!.
Тоқаев – менің президентім емес!

«Оян, Қазақстан» қозғалысының instagram желісіндегі парақшасында әлдебір қараусыз қалған ғимаратта президент Тоқаевтың суреті салынған үлкен шүберек плакат  ілініп тұрған фото жариялады. Шүберек плакатта «Тоқаев – менің президентім емес!» деп жазылған.

Сондай-ақ, парақшада: «Өктемшіл режим өзіне бағытталған наразылыққа үйренбеген, сондықтан да ол халықты әдеттегі әділсіз сайлау шешімімен мойындатпақшы. Дегенмен, Тоқаевты ешкім сайлап алған жоқ – оған соңғы күндердің оқиғалары дәлел. Біз биліктің жалған ауысымына тізе бүкпейміз! Біз президенттік сайлауды заңды деп санамаймыз! Біз олардың нәтижесін мойындамаймыз! Тоқаев – менің президентім емес!» делінген жазба жазылған.

View this post on Instagram

Авторитарный режим не привык к протестам и требует от народа признать очередные нелегитимные выборы. Но Токаева никто не выбирал – это доказали события последних дней. Мы не будем подчиняться фальшивой ВЛАСТИ Мы не признаем выборы президента легитимными. Мы не признаем их результаты. Токаев не мой президент! — Өктемшіл режим өзіне бағытталған наразылыққа үйренбеген, сондықтан да ол халықты әдеттегі әділсіз сайлау шешімімен мойындатпақшы. Дегенмен, Тоқаевты ешкім сайлап алған жоқ – оған соңғы күндердің оқиғалары дәлел. 
Біз биліктің жалған ауысымына тізе бүкпейміз!
 Біз президенттік сайлауды заңды деп санамаймыз!
 Біз олардың нәтижесін мойындамаймыз!
 Тоқаев – менің презиндентім емес! #qazaqkoktemi

A post shared by ⚡️RUKH (@rukh2k19) on

«Оян, Қазақстан» қозғалысын бір топ белсенді жастар құрығаны мәлім. Олардың арасында актер Әнуар Нұрпейісов, белсенді Әсия Төлесова бар.

Елде сайлау күні және одан кейін бірнеше рет рұқсат етілмеген митингілер өтіп, жүздеген адам ұсталды. Кеше тәуелсіз бақылаушылар Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, сайлаудағы заң бұзушылықтарды жария етті. Ал президент Тоқаев euronews телеарнасына берген сұхбатында: «Мен, мәселен, жалпы сайлау әділ өтті деп ойлаймын» деген еді.

Қазір қоғамда соңғы кездердегі саяси өзгерістер қызу талқыланып, елдің саяси белсенділігі күрт өсті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.