Қырғыздар Арыстағы жарылыстан соң босып кеткен, жапа шеккен адамдарға жылу жинап жатыр. Жылу жинауды кәсіпкер Жапар Усенов ұйымдастырып жатыр. Усенов өзінің фейсбуктегі парақшасында: «Бірер күн ішінде ондаған мың адам эвакуацияланды. Оның екі мыңнан астамы – бала. Шұғыл түрде жөргек, гигиена заттары, ойыншықтар мен алғашқы көмек көрсетуге керек болатын медициналық құралдар қажет» деп жазды.
Түркістан облысындағы Арыста 24 маусым күні қаладан 200 метр жерде тұрған әскери қоймадан, ресми дерек бойынша, өрт шығып, оқ-дәрілер атылған. Жарылыстан екі адам қаза тапты. Барлығы 165 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның 89-ы ауруханада жатыр. Тоғыз адамның жағдайы ауыр.
Жарылыстан кейін шамамен 35 мың адам өз беттерімен бас сауғалап, басқа жаққа кеткен. Кейбірі Түркістан облысы әкімдігі бөлген автобуспен Шымкентке жеткен.
Түркістан облысы әкімдігі жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жариялады. Қазақстан ішкі істер министрлігі «қауіптің әлі сейілмегенін, жарылыс болған кейбір жерлердің әлі бықсып жатқанын» хабарлады.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024