26-06-19 |
2530 рет қаралған
Арыстағы жарылыстан тағы бір адам қаза тапты, екі адамның халі ауыр.
Арыстағы жарылыстан тағы бір адам қаза тапты, екі адамның халі ауыр

Түркістан облысындағы Арыс қаласындағы жарылыстан тағы бір адам қаза тапты,- деп Азаттық. Бұл туралы төтенше жағдай комитетінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет хабарлады.

26 маусымда Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз жиынындағы Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев қаза тапқан азаматтың 2015 жылы әскерге шақырылған сержант екенін айтты. «Қаза тапқан сержант Ахметов 1987 жылы Шымкентте туған. Кеше, 25 маусымда ауруханада көз жұмды» деді Дәндібаев.

Марқұмның артында жары мен бір баласы қалды.

Министрлік өкілі тағы «екі әскеридің халі ауыр» екенін айтты.

Бұған дейін билік екі адамның көз жұмғанын хабарлаған. Оның бірі – көлігіне снаряд түскен бейбіт тұрғын, екіншісі – әскери.

25 маусымда Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі жарылыстан соң он бес адамның жан сақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлаған. Оның төртеуі – бала. Тоғыз адамның халі ауыр. Барлығы 165 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның 89-ы ауруханада жатыр.

Жарылыстан кейін шамамен 35 мың адам өз беттерімен бас сауғалап, басқа жаққа кеткен. Кейбірі Түркістан облысы әкімдігі бөлген автобуспен Шымкентке жеткен. Түркістан облысы әкімдігі жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жариялады. Қазақстан ішкі істер министрлігі «қауіптің әлі сейілмегенін, жарылыс болған кейбір жерлердің әлі бықсып жатқанын» хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.