31 телеарнасының тілшісі Ирина Советжанқызы Шымкентті паналап жатқан Арыс тұрғындарымен тілдескен видеоларын фейсбук парақшасына жариялады. Онда тұрғындарды жарылыстың қандай қауіпті болғанын, үй-жайларының қирағанын, жарылыстан қаза тапқан, жаралаған адамдар ресми ақпаратта айтылғаннан да көп бөлу мүмкін екендігін, жарылыс таңертең болғанын қарамастан биліктің түсте қозғала бастағанын айтысады.
Журналисттің өзі көрген-білгенін былай баяндайды: «Көрсетпеді, естігенім мен байқағанымды айтайын:
– Бағана Арысқа өте алмаған бір кісі, әскерилердің шебінен босап шығып, Арыстағы үйіне жаяу кеткен. Жаңа мешітте кездестіріп қалдым. «Балаларымның киімі, енемнің дәрісін,ақша әкелдім. Басқа адамнан ақша сұрау ұят қой» – дейді. «Ал оқиға болған күні көз алдымда бес адам өлді, біреуінің көлігіне түсті. Жер ойылып түсті» – дейді.
– Қызым, баламызды құшақтап, снарядтардың арасында секіріп жүрдік. Оқ пен оттың ортасынан келдік. Соғыс болған қалаға қалай ораламыз? Бұл сұмдықты ешкімнің басына бермесін деді.
– Бомбоубежищеде отырдық. Сол жердің өзінде сыртта соғыс болып жатқандай дүмпулер болды. Жүре алмайтын апалар да біздің қасымызда болды. Соңынан бізді шығарды. Әскерилерге раxмет деді орыс апай.
– Зардап шеккендерге көмек көрсетілетін бір орында дастарxанда шай мен наннан басқа ештеңе болмады. Есесіне, азық-түлік сақталған қоймада азық-түліктің сан түрі самсап тұр!
– Адамдар демалып жатқан жерлерде ауа жоқ. Үлкен кісілер әрең отыр.
– «Тегін такси! 3 размерлі памперс кімге керек? Кімге қонатын үй керек? Алып кетеміз!» Мешіт алдында осылай деп айқайлаған ел көп«.
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024