30-06-19 |
1780 рет қаралған
Алматыда митинг өтіп жатыр.
Алматыда митинг өтіп жатыр

Бүгін, 30 маусымда Алматы қаласындағы «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы алаңқайда митинг өтіп жатыр. Бұл соңғы жылдары қала әкімдігінің рұқсат еткен алғашқы митингі.

Митингті өткізу үшін белсенді Альнұр Ильяшев 35 мәрте әкімдікке өтініш берген, соңғы 35-ші өтініші ғана қанағаттандырылды. Ол тіпті өтінішін кері қайтара бергесін қалалық прокуратураға барып, өзін қамауды сұраған, себебі 30 маусымда рұқсат етілмесе де бәрі бір митингіге шығатынын айтқан еді.

Бүгінгі митингіні ол бейбіт жиын екенін еске салып, қатысушыларды ұқыпты болуға шақырды. Соңғы оншақты жылда наразылық акциясын өткізуге алғаш рұқсат алып отырғандықтарын айтқан Альнұр Ильяшев, мұны халқытың жетістігіне балады.

Экономист Айман Тұрсынханның айтуынша, мемлекетке жаңа Конституция қажет.

Митингіде сөз сөйлеген белсенділер елде саяси құқықтық реформа керек екенін сөз етті. Сонымен қатар азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығы аяққа тапталып отырғандығын да жеткізді, сайлау нәтижесінің бұрмалануы, жер мәселелері сияқты бірқатар мәселелер сөз болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.