25-04-18 |
12170 рет қаралған
Оғыз Доғанға «Qazkom» қазақ тілінде қызмет көрсетпей, банк бөлімшесінен күштеп шығарып жіберген (видео).
Оғыз Доғанға «Qazkom» қазақ тілінде қызмет көрсетпей, банк бөлімшесінен күштеп шығарып жіберген (видео)

Оғыз Доған air astana әуе компаниясы өзіне қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін соттасып, ол іс әлеуметтік желілерде қызу талқыланған еді. Сотта Оғыз Доған әуе компаниясын жеңіп шыққан. Ал бүгін ол «Qazkom» банктің Астана қаласындағы бөлімшелерінің біріне барып, мемлекеттік тілде қызмет ала алмағанын баяндап, оқиғаны бастан-аяқ видеоға түсіріп facebook-тегі парақшасында жария етті.

Казкоммерцбанк, Сарыарқа филиалы, БҮГІН!!! Qazkom Astana QazkomҚазақ тілін қорлайтындарға ескерту!!!Осыдан кейін де сендерге тыныш таптырмайтын боламын! АБАЙЛАҢДАР!!! БАБАМНАН МҰРА ҚАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІМДІ СЕНДЕРГЕ ТАПТАТПАЙМЫН!!!

Опубликовано Оғыз Доған Среда, 25 апреля 2018 г.

Air astana әуе компаниясымен сот ісінде Оғыз Доғанның адвокаты болған, белгілі заңгер Абзал Құспан «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатында қарапайым азамат тілдік кедергіге ұшыраса, қандай заңды басшылыққа алу керектігі туралы айта келіп: ««Тұтынушылар құқығы» туралы заңда «Қазақстанда кез келген қызмет көрсетуші мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндетті» делінген. Осы заңды басшылыққа алсаңыз, қазақ тілінде қызмет көрсетпеген кез келген мекемені сотқа беріп, жеңіп шығасыз. Осы заңды меңгерсек және тіл тұрғысынан өз құқығымызды батыл әрі табанды қорғай алсақ, біз мәдениеттің бір сатысына шығар едік деп ойлаймын. Себебі адамның өз құқықтарын заң аясында сауатты қорғай білуі де үлкен мәдениет», – деп ойын түйіндеген.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.