Алматы полицейлері Көк-Төбеде шыққан өрттен қаза тапқан адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта Алматы полицейлері сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрі аясында төтенше жағдайдан қаза тапқан адамның аты-жөні мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – делінген полицейлердің хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Еске салайық, кеше Көк-Төбеде өрт шығып, тікұшақтың жұмылғаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ірі өрт болған жерге барған еді. «Бүгін Көк-Төбе тауының оңтүстік-батыс баурайында үлкен өрт болды. Оқиға болған жерге келдім. Жағдай бақылауда. Қалаға қауіп жоқ», – деп жазған болатын қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында.
Дереккөз: tengrinews.kz
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024