16-08-19 |
2130 рет қаралған
Тамыз конференциясында Тоқаев не айтты?.
Тамыз конференциясында Тоқаев не айтты?

Елімізде «Bіlіm jáne Ǵylym!»  атты биылғы оқу жылының тамыз конференциясы өтті. Нұр-Сұлтан қаласында өткен конференцияға екі мыңнан артық ұстаз келіп, мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта қатысты.

Тоқаев өз сөзінде білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтты:
«Бұл, алдымен, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек», -деді президент.

Тоқаевтің пікірінше, елдегі жылда болатын реформалар педагогтардың нақты қажеттіліктерін есекермейді. Мұғалімдерді кәсіби тұрғыда дамытуда да олардың қажетіліктері ескеріле бермейтінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ президент жас ұрпақтың тәрбиесі мен қауіпсіздігі туралы да мәселелерді қозғады:

«БАҚ материалдарынан балаларды ұрып-соғу, сосын қауіпті жерде ұстау туралы жан түршігер дүниелерді оқып жатамыз. Үкіметке мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жоғары сапасы үшін барлық қолдан келетін шараларды, соның ішінде заңдық мүмкіндіктерді қолдануды тапсырамын. Бұл негізгі тапсырма деп біліңіздер. Сосын тағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасын да айта кеткен жөн. Бұл бәріміз үшін де қайғылы жағдай. Балалар мұндай қадамға неге баратынын жақсылап ойлануымыз керек», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев 12 жылдық білім беру жүйесіне қатысты үкіметке тапсырма берді:

«2025 жылға дейінгі білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында жаңа 12 жылдық білім беру моделіне көшуді жіті ойластырып, бірқалыпты көшіруді Үкіметке тапсырамын», -деген президент үш тілділікті де жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу керектігін айтты:» Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын. Ал, жоғары сыныптарда жаратылыстану-техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарап жүргізу қажет», -екенін президент сөз қылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қарағанда бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 7 014 орта мектептің  128 үш ауысымда оқытатын мектептер және 31 мектеп құлағалы тұр. 2019-2020 жылдары үш ауысымда оқытуды жою үшін 35  мектеп және апатты жағдайдағы мектептердің орнына 7 жаңа оқу орнын салу үшін бюджеттен қаражат қарастырылған. Тәуелсіздік жылдары 1 198 мектеп салынған.

Мұғалімдердің статусы туралы айтқан Тоқаев мырза ұстаздардың материалды статусын да ұмыт қалтырмады:

«Мұғалімдердің жалақысы экономика бойынша орташа айлық жалақының 65% болып, ең төменгі жалақылар есебінде қалып отыр. Бұған көндігуге болмайды. Үкметке төрт жыл ішінде ұстаздардың жалақысын екі есеге көтеруді тапсырамын», -деді президент.

Білім беру сапасында ауыл мен қала арасында айырмашылық болмауы керек деген Тоқаев,

Білім және ғылым министріне тұрмысы төмен отбасының балалары немесе көрсеткіші төмен әлеуметтік ауыр жағдайда жұмыс істейтін мектептерге лайықты білім беру бойынша арнайы бағдарлама жасап шығаруға тапсырма беремін.

Облыс әкімдері принципті түрде осы істі қолдарына алулары керек. Балаларға жағдай жасау олардың тікелей жауапкершілігінде», -деді ол тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Білім саласындағы ашықтық та президенттің назарынан тыс қалмады. Ол ғылымды қаржыландыру саласына сенімсіздік байқалады және үлкен буын мен кіші буын аласындағы алшақтық көрінетіндігін жеткізді. Сондықтан Үкіметке нақты практикалық ұсыныстар арқылы ғылымның институционалды даму концепциясын жасауды тапсыратынын мәлімдеді. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін де ескеру керек екенін де айтып өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.