26-08-19 |
1070 рет қаралған
Қазақстанда алашқы ЛГБТ митингі өтуі мүмкін.
Қазақстанда алашқы ЛГБТ митингі өтуі мүмкін

Белсенді  Айдар Елкеев Қазақстанда ЛГБТ-ның алғашқы митингісін өткізуге  Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары әкімдіктеріне өтініш тастады. Бұл туралы kok.team сайты жазады.

22 тамызда астаналық белсенді Айдар Елкеев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында митинг өткізуге өтініш берді. Өтініш астана әкімі Алтай Көлгінов пен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына жолданған.

Митинг өтікзушілердің талабы “ Қазақстандағы ЛГБТК қауымдастығы өкілдерінің құқығы мен заңдық  мүддесін қорғау”.

Митинг өткізу уақытын 30 тамыз бен 8 қыркүйекке қойған.

Елкеев өз өтінішінде ҚР Конституциясына, «Азаматтық және саяси құқық» халықаралық пактісі және «елде бейбіт жиын ұйымдастыру мен өткізу» заңына сілтеме жасайды.

Белсенді ҚР Конституциясының 14 бабы, 2 тармағына сәйкес «Ешкім шығу тегі, әлеуметтік, мансаптық және мүліктік жағдайына қарай, жынысы, нәсілі мен ұлтына, тілі, діни ұстанымы  мен қарымқатынасы, тұрғылықты жері, және басқа да жағдайларға байланысты қандай да бір дискриминацияға түсуіне жол берілмейді» дегенді келтіреді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.