12-09-19 |
1820 рет қаралған
Димаш Құдайберген Қытай оқулықтарына енді.
Димаш Құдайберген Қытай оқулықтарына енді

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытай оқулықтарына шықты. Бұл туралы әншінің өзі instagram парақшасына жариялады.

-«Өзімді Қытайдың оқулықтарынан көргеніме қуаныштымын», -деп жазыпты Димаш instagram әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Оқулықта Димаш туралы ақпарат қытай және ағылшын тілінде шыққан екен. 

Ағылшын тіліндегі оқулықта «Димаш Құдайберген деген кім? Бұрын ол туралы ешкім білмесе, қазір оның жанкүйерлері Қытайда көп» дейді. 

Сондай-ақ оқулықта 22 жастағы Димаш Қазақстан Республикасының әншісі екендігі де көрсетіліпті. Қытайдағы Singer 2017 жобасына қатысу арқылы танылғандығы, қандай халықаралық байқауларға қатысқандығы кітапта айтылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.