16-09-19 |
2660 рет қаралған
Шамалғандағы апат: екі бала өте ауыр халде.
Шамалғандағы апат: екі бала өте ауыр халде

Кеше Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Шамалған станциясында болған апаттан (пойыз бен автобус соғысты) зардап шеккен 3 және 5 жастағы екі кішкентай баланың халі өте ауыр. Бұл туралы Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Өмірзақ Ниязбеков (суретте) айтты.

– Екі және бес жастағы екі кішкентай қыз бала мен олардың 1986 жылы туған анасы ауруханаға жеткізілді. Балалардың халі өте ауыр. Баланың үлкеніне операция жасалды. Оның бас сүйек пен миы өте ауыр жарақаттанған. Бала жасанды дем беру аппаратына қосулы. Екінші баланың да жағдайы ауыр. Оның да миына қатты зақым келген. Анасының оң иығы, бұғанасы, төрт қабырғасы сынған, – дейді Ө.Низябеков.

Кеше Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Шамалған станциясында пойыз бен автобус соғысып, оқиға салдарынан автобус жүргізушісі қаза болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеше түнде президент Қ.Тоқаев қаза болған адамның отбасына көңіл айтты. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.