Маңғыстау облысы, «Қаражанбас» кен орнында көлік жүргізушілерінің наразылық шарасы өтіп жатыр деп хабарлайды lada.kz.
«Мобил Сервис Групп» АҚ 162 көлік жүргізушісі жұмыстарын тастап, жалақыларының көтерілуін талап етіп, ереуілге шыққан», – дейді ақпарат көзі.
олар жалақыларының 100%-ға көтерілгенін қалайды.
«Біз 15 күн жұмысқа 78 мың теңге аламыз. Бұл өте аз қаражат. Көтеріліске дейін біз басшылықпен жалақыны көтеру туралы келісім жүргізіп келдік, бірақ олар тек құрғақ уәде берумен келді. Жұмысты тоқитатуымызға тура келді. Жалақымызды көтергенше, соңына дейін тұрамыз. Жұмыстан шығарса, шығара берсін. Қазір басшылық пен Форт-Шевченконың әкм орынбасарын күтіп тұрмыз», -деді «Мобил Сервис Групп»АҚ жұмысшылары.
Еске салсақ 2011 жылы «Қаражанбас» кен орнында мұнайшылар көтерілісі болған. Наразылық шарасы бірнеше күнге созылып, бейбіт шеру полицияның жаппай шерушілерді қамауға алуына ұласты. Ол кезде де жұмысшылар жалақының көтерілуін талап еткен.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024