27-09-19 |
1110 рет қаралған
Асқар Мәмин «Роскосмос» директорымен «Назарбаев старты» ғарыш зымыраны жобасын талқылады.
Асқар Мәмин «Роскосмос» директорымен «Назарбаев старты» ғарыш зымыраны жобасын талқылады

ҚР Премьер-Министрі А. Мәмин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен «Назарбаев старты» жобасын талқылады деп хабарлайды arasha.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«…«Союз МС-15» пилотталатын кораблін ұшыруды бірлесіп бақылаған соң Үкімет басшысы ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен «Назарбаев старты» ғарыш зымыраны кешенін құрудың қазақстандық-ресейлік жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады», деп хабарлайды Қазақстанның Премьер-Министрінің ресми сайты. 

2019 жылы 7 қыркүйекте Мәскеу қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев пен РФ Президенті В. Путиннің кездесуі барысында ресейлік тарап «Бәйтерек» жобасын «Назарбаев старты» деп қайта атауды, сондай-ақ, оны тиімді іске асыру үшін «Союз-5» және «Союз-6» зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты, сондай-ақ пилоттау бағдарламасын алып тастауды қарастыратын жаңа жағдайларды қарастыруды ұсынған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.