Қазақстан бокс федерациясының басшысы ауысты. Федерацияны құрып, оны 2005 жылдан бері басқарған Тимур Құлыбаев орнын босатты. Оның орнына федерация басшысы болып Кеңес Рақышев келді.
Тимур Құлыбаев елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы екені мәлім. Ең бай адамдардың әлемдік рейтингінде Тимур және Динара Құлыбаевтар 715 орында тұр. Рейтингте олардың әрқайсысында 3,1 миллиард доллар байлық бар делінген. Рейтингте Құлыбаевтармен бір қатарда АҚШ президенті Д.Трамп та тұр. Ал Кеңес Рақышев болса, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың күйеу баласы. Әйелі – Әсел Тасмағамбетова. Рақышев ең бай Қазақстан кәсіпкерлерінің арасында 7 орында.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024