12-10-19 |
2290 рет қаралған
Арыста оқ-дәрі бөлшектерін жою кезінде бір адам қаза болды.
Арыста оқ-дәрі бөлшектерін жою кезінде бір адам қаза болды

Арыста оқ-дәрілерді жою кезінде бір адам қаза болған. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлайды. Министрлік таратқан ақпаратқа қарағанда 11 қазанда арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша жоспарлы жұмыс барысында оқ-дәрілердің фрагменті уақытынан бұрын детонация жүргізу барысында топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А. С. Ақышев қаза болған. Оқиғаның нақты себебі мен салдары анықталуда. Арнайы тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Бұл жағдай полигонға жақын орналасқан қала тұрғындарына қауіп төндірмейді, өңірде үздіксіз бақылау жүргізіліп жатқан көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.