14-10-19 |
2120 рет қаралған
Жоғарғы оқу орындары оқытушыларының жалақысы 50% дейін өседі.
Жоғарғы оқу орындары оқытушыларының жалақысы 50% дейін өседі

Жоғарғы оқу орындары оқытушыларының жалақылары 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30% дан 50% ға дейін өседі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Біз жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргіздік. Ол еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсетті. Бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алатын жағдай қалыптасқан. Мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес. ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтеруді бастады.
Қалған мемлекеттік ЖОО менің тапсырмамды міндетті түрде орындаулары тиіс», – дейді министр.
Сонымен қатар, ректорларға ЖОО-да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақы белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылған.

Естеріңізге салайық, қазіргі кезде президент Қ.Тоқаев бұған дейін ЖОО ректорларын тағайындау арқылы емес, сайлау керектігін айтқан. Және де үкімет «Педагогтар мәртебесі» туралы заң жобасын әзірледі. Жоба талқылану үстінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.