Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жария еткені үшін сотталған Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевқа қылмыстық-мерзімінен бұрын босату туралы арызы қанағаттандырылмады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Майлыбаев мерзімінен бұрын босату туралы арыз бергені белгілі болды.
«Қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының 2019 жылы 4 қыркүйекте шыққан үкімімен оның мерзімінен бұрын босату туралы арызы қанағаттандырылмады», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске салайық, Астана қаласының №2 Есіл аудандық соты 2017 жылдың 13 маусымында Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы мен Галихин Николай Николаевичке қатысты қылмыстық істі қарап, оларды ҚР ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігі және 185-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Сот үкімі бойынша Майлыбаев мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Дереккөз: tengrinews.kz
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024