28-10-19 |
3160 рет қаралған
Қызылорда облысында браконьерлерді аңдуға шыққан қорықшы қаза тапты.
Қызылорда облысында браконьерлерді аңдуға шыққан қорықшы қаза тапты

Қызылорда облысында браконьерлерді аңдуға шыққан «Охотзоопром» қорықшысы қаза тапты, деп хабарлайды Экология, Геология және Табиғи ресурстар министрлігінің баспасөзбен байланыс қызметі.

«Бүгін, 2019 жылғы 25 қазанда түнгі сағат 02:00 шамасында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының аумағында рейдтік шара жүргізу кезінде браконьерлерді қуу нәтижесінде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның инспекторы қайтыс болды. Көліктің аударылу себебінен жазатайым оқиға орын алды. Оқиға орнына Қызылорда облыстық ПД Жалағаш АПБ-ның жедел-тергеу тобының қызметкерлері шақырылды,» – деп хабарлайды дүйсенбіде «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК  баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.